"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, қар, жауын-шашын, 26 тамыз, ауа райы болжамы, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 22:43 Сурет: unsplash
Қазақстанның 15 облысында 26 тамызда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түсетіні болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 26 тамызда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр жауады, қар түседі) болып, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні таулы аудандарда 18 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 38-39 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстікке ойыса жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 26 тамызда түнде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 26 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 26 тамызда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр болады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде 26 тамызда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Сондай-ақ 2026 жылғы 25-27 тамыз аралығында облыстың таулы және тау етегіндегі аймақтарында нөсер жаңбыр жаууына байланысты беткейлік ағын қалыптасып, өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні болжанады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда 26 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні -15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

26 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 26 тамызда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 26 тамызда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК еліміздің ірі үш қаласы бойынша 26, 27 және 28 тамызға арналған аңуа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: