Жаңалықтар тізбегі
0

"Жаңбыр, тұман, аяз". Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 19 қазан, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 21:14 Сурет: pexels
Қазақстанның 11 облысында 19 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 18 м/с.

Түнде Атырау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с құрайды. Қонаевта шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 17-22 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.

19-20 қазанда Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда түнде сынап бағаны 5-7 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі.

Бүған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 19 қазанда түнде Алматы және Жетісу облыстарында сынап бағаны -1-7°С дейін төмендеп, түнде үсік жүретінін ескерткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: