"Жаңбыр, бұршақ, тұман". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pixabay
Күндіз Қарағанды облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл соғады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда 11 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, ал күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл соғады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 11 қыркүйекте таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп болжанады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақытта нөсер жаңбыр болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, жалпы облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 11 қыркүйекте аздап жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр болады, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 11 қыркүйекте жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, ал облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 11 қыркүйекте таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жаңбыр құяды деп күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 11 қыркүйекте солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл соғады, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 11 қыркүйекте күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда 11 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл соғады, шаңды дауыл көтеріледі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 11 қыркүйекте күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 11 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 11 қыркүйекте түнде және таңертең аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында шығыстан батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 11 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 35 градус қатты ыстық болып, қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 11, 12 және 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.