"Жаңбыр, бұршақ, +42°C". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, ауа райы болжамы, 17 мамыр, дауылды ескерту, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2025 22:34 Сурет: unsplash
Қазақстанның 16 облысында 17 мамырда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найзағай ойнап, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 42 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 40 градус аптап ыстық болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде де күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтауда да жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыс бойынша күн райы бұзылып, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 25 м/с құрайды. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 17 мамырда күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады деп болжанады. 

Түнде және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз облыстың орталығында бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың орталығында 23-28 м/с дейін жетежі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 17 мамырда солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 17 мамырда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 17 мамырда күннің екінші жартысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 17 мамырда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 34-39 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматыда 17 мамырда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады, ал Қонаевта 17 мамырда күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкентте 15-17 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: