"Дауыл, нөсер жаңбыр, бұршақ". Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бұлт, жаңбыр, ауа райы болжамы, 7 мамыр, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 22:02 Сурет: pixabay
Қазақстанның 14 облысында 7 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда түнде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде де жоғары өрт қаупі бар. 

Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады, күндіз облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

7-8 мамырда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, облыстың тау асуларында, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 7-8 мамырда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 8 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. 7-8 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 8 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. 7-8 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде де 7 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда да жоғары өрт қаупі бар.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, шығысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда түнде және таңертең найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың 7 мамырында елімізде ауа райы қандай болатынын айтып, жалпы болжамдарымен бөліскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: