Жаңалықтар тізбегі
0

"Жаңбыр жауып, үсік жүреді". 25 қыркүйекте еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 25 қыркүйек, Қазгидромет, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 20:42 Сурет: pexels
25 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде топырақ беті қатады, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында найзағай ойна, күн райы бұзылады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-18 м/сқұрайды. Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнап. күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл ауданында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, областың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күннің соңында найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 25 қыркүйекте күннің соңында найзағай ойнайды деп болжанады.  Батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде найғазай ойнайды деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Түркістанда да күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында соққан жел екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23 м/с дейін жетеді. Күндіз Петропавлда батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: