Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Осень, осенняя погода, желтые листья, листопад, осенний сезон, осенний лес, осенний парк, парк осенью, лес осенью, роща Баума, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 16:30 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 11, 12 және 13 қыркүйекте қандай ауа райы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

11 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Күндіз желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +30...+32°С болады.

12 қыркүйекте көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей уақытта 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +21...+23°С болады.

13 қыркүйекте көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +16...+18°С болады.

Алматы

11 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +32...+34°С болады.

12 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің аздап күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +30...+32°С болады.

13 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +28...+30°С болады.

Шымкент

11 қыркүйекте көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +32...+34°С болады.

12 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +27...+29°С болады.

13 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +29...+31°С болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: