Алматыда күн күркіреп, Астанада үсік жүреді: 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: unsplash
Астана
2 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел аздап күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +15...+17°С болады. Топырақ бетінде 1°С үсік жүреді.
3 қыркүйекте күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 10 метрге дейін жетуі ықтимал. Сынап бағанасы түнде +6...+8°С, күндіз +20...+22°С көрсетеді.
4 қыркүйекте де жауын-шашын болжанбайды. Жел секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +23...+25°С болады.
Алматы
2 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +20...+22°С болады.
3 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей уақытта секундына 18 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +10...+12°С, күндіз +22...+24°С көрсетеді.
4 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°С, күндіз +22...+24°С болады.
Шымкент
2 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +28...+30°С болады.
3 қыркүйекте жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сынап бағанасы түнде +16...+18°С, күндіз +28...+30°С көрсетеді.
4 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +28...+30°С болады.
Бұған дейін метеорологтер күздің алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.