Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

2025 жылдың 5 мамыры, дүйсенбіде, синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы болады деп күтіледі. Бұған Қазақстанға ығысып жеткен антициклон әсер етеді. Тек еліміздің батысы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап жаңбыр жауады, батыста бұршақ түсуі де мүмкін.
Астана
5 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°, күндіз: +18...+20°.
6 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+ 5°, күндіз: +20...+22°
7 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°, күндіз: +24...+26°.
Алматы
5 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13...+15°, күндіз: +28...+30°.
6 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13...+15°, күндіз: +28...+30°.
7 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°, күндіз: +28...+30°.
Шымкент
5 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15...+17°, күндіз: +33...+35°.
6 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +17...+19°, күндіз: +34...+36°.
7 мамыр: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°, күндіз: +34...+36°.
Бұған дейін Алматыда 1 мамырдан бастап субұрқақтар маусымы басталатыны хабарланған.