Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, 22 наурыз, 23 наурыз, 24 наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2025 18:54 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күн - 2025 жылдың 22-24 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

22 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Көктайғақ. Түнде және таңертең - тұман. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -7...-9°, күндіз: +1...+3°.

23 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Көктайғақ. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні - 3-8 м/с, күндіз - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°, күндіз: шамамен 0°.

24 наурыз: аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -6...-8°, күндіз: -1...-3°.

Алматы

22 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндізгі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°, күндіз: +24...+26°.

23 наурыз: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°, күндіз: +18...+20°.

24 наурыз: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+9°, күндіз: +13...+15°.

Шымкент

22 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +12...+14°, күндіз: +23...+25°.

23 наурыз: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +11...+13°, күндіз: +21...+23°.

24 наурыз: аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°, күндіз: +15...+17°.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: