Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматы, Астана, Шымкент, ауа райы болжамы, 7 маусым, 8 маусым, 9 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2025 18:11 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнде, яғни 2025 жылғы 7-9 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

7 маусым: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +25...+27°С.

8 маусым: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +20...+22°С.

9 маусым: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +22...+24°С.

Алматы

7 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +30...+32°С.

8 маусым: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегісі - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +28...+30°С.

9 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +31...+33°С.

Шымкент

7 маусым: аспан бұлтты, түнде және таңертең аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +29...+31°С.

8 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +33...+35°С.

9 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +30...+32°С.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарды алдағы демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: