Астана, Алматы және Шымкент: 2-4 наурызға арналған ауа райы болжамы
Астанада:
2 наурыз - күн райы құбылмалы, аспан бұлтты, аракідік қар жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8-10°С, күндіз: -6-8°С;
3 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -13-15°С, күндіз: -7-9°С;
4 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: -10-12°С, күндіз: -6-8°С.
Алматыда:
2 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: -7-9°С, күндіз: +1+3°С;
3 наурыз - аспан бұлтты, аракідік қар жауады, тұман түседі. Батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -7-9°С, күндіз: 0-2°С;
4 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -7-9°С, күндіз: 0+2°С.
Шымкентте:
2 наурыз - аспан бұлтты, күн райы құбылмалы, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: 0-2°С, күндіз: +1+3°С;
3 наурыз - аспан бұлтты, күн райы құбылмалы, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Түнде ауа температурасы: -1-3°С, күндіз: +1+ 3°С;
4 наурыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -2-4°С, күндіз: +6+ 8°С.