Жаңалықтар тізбегі
0

Астана, Алматы және Шымкент: Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматы, Астана, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 18:38 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер алдағы үш тәулік бойында, яғни 2023 жылдың 16-18 қараша аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінің кей жерінде жауын-шашын мен қатты жел болады.

Астанада:

16 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, түнде және таңғы мезгілдегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 0 ...+ 2°С, күндіз: +7°С...+ 9°С;

17 қараша - көшпелі бұлт жүреді, күндіз - жаңбыр. Оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +1°С...+ 3°С, күндіз: +7°С...+ 9°С;

18 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні -  9-14 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +1°С...+ 3, күндіз: +6°С...+ 8°С.

Алматыда:

16 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +1°С...+ 3°С, күндіз: +16°С...+ 18°С;

17 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +3°С...+ 5°С, күндіз: +17°С...+ 19°С

18 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +5°С...+ 7°С, күндіз: +18°С...+ 20°С.

Шымкентте:

16 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +4°С...+ 6°С, күндіз: +22°С...+ 24°С

17 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +6°С...+ 8°С, күндіз: +21°С...+ 23°С;

18 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10°С...+ 12°С, күндіз: +13°С...+ 15°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: