Түнде екі өңірде сынап бағаны 7 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 19 қазан, үсік, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 17:46 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандарынан Zakon.kz тілшісі алдағы сенбіде, 2024 жылы 19 қазанда ел азаматтарын ауа-райына қатысты қандай тосынсыйлар күтіп тұрғанын сұрап білді.

Болжамға сәйкес, түнде Алматы және Жетісу облыстарында сынап бағаны -1-7°С дейін төмендеп, түнде үсік жүреді.

 "Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында жауын -шашын, шығысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында найзағай болады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің басым бөлігінде тұман болады, батыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

19-21 қазан аралығында Қазақстанда ауа-райы қандай болатыны туралы мына арадан біле аласыздар.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: