Демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр, қар және суық ауа температурасы күтіледі
Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz тілшісімен Қазақстанның демалыс күндері – 2024 жылғы 19 қазан мен 21 қазан аралығындағы ауа райы болжамымен бөлісті.
Мамандардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек республиканың шығысында жауын-шашын және қар түріндегі ауа райы басым болады. "Қазгидромет" РМК
Сондай-ақ, республиканың барлық аумағында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік облыстарда көктайғақ, оңтүстік облыстарда найзағай күтіледі.
"Тәулік ішінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде:
- батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте +5+13°С дейін,
- шығыста, орталықта +8+18°С дейін,
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +15+22°С дейін жетеді", — деп қосты синоптиктер.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың қараша және желтоқсан айларында, сондай-ақ 2025 жылдың қаңтар, ақпан және наурыз айларында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript