Демалыс күндері ауа райы қандай болады

қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 11:38 Сурет: pixabay
Демалыс күндері Қазақстанда жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. «Қазгидромет» синоптиктері 19-21 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апта соңында ел аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

20 наурызда «Новая земля» циклоны солтүстік, солтүстік-батыс облыстарға әсер ете бастайды. Біртіндеп оңтүстік-шығысқа ауысатын циклон 21 наурызда республиканың басым бөлігін қамтиды.

Осыған байланысты ауа температурасының жоғарылауы және ауа райының нашарлауы болжанып отыр. Елімізде қар, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар, қарлы боран болып, жел күшейеді.«Қазгидромет» РМК
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: