"Қар жауып, боран соғады". Синоптиктер суық циклон жылжып келе жатқанын ескертті

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбі, 2024 жылғы 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысындағы антициклон салдарынан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
"Ел аумағының басым бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен қар жауып, боран соғады деп күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр мен қар), елдің орталығында қалың қар жауады... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - көктайғақ, желдің екпін алуы, оңтүстікте, солтүстікте, орталықта тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК
Гидрометео орталықтың мәліметінше, Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетеді.
Бұған дейін синоптиктер циклон жүріп, Қазақстанның юасым бөлігінде қар жауып, боран соғатытын, күннің аяздайтынын болжаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript