Қазақстанға циклон арқылы қарлы боран мен жауын-шашын келеді
19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді, қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел күтіледі.
19-20 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты қар жауады.
21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің батысында ауа – райы негізінен жауын-шашынсыз, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Бұдан бөлек, Республика бойынша тұман болжанады.
Сондай-ақ, түнде ауа температурасы:
- еліміздің батысында 3-13-градус аяздан 5-18 градус аязға дейін,
- шығысында 10-26 градус аяздан 7-20 градус аязға дейін ауытқиды;
Қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 10-20 градус аязға дейін,
- орталықта 13-25 градус аязға дейін,
- республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 7-13 градус аяз,
- таулы аудандарда 15-18 градус аязға дейін.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында -32-35 градус аяз түскені хабарланған болатын.