Қазақстанға дауыл мен қарлы боран жақындап келеді

Қазақстанға дауыл мен қарлы боран жақындап келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 18:27 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 20 ақпан, жұма күніне арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында түнде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге және одан да жоғары болуы мүмкін.

"Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерін сақтайды. Соның салдарынан жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Тек республиканың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен аязды, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді", – делінген болжамда.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда неге күннің күрт жылып кеткенін түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: