"Кейбір өңірде қардың арты жаңбырға ұласады". Еліміздің басым бөлігінде қар жауатыны болжанады
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Ауа-райы нағыз қыс айына сай мінез-құлық таныта бастады. "Қазгидромет" РМК мамандары алдағы сенбіде, 2024 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа-райы антициклон әсерінен еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында ғана сақталады.
"Ел аумағының басым бөлігіне циклон ойпаты әсері мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, облыстың батысында қар түссе, түнде оңтүстік-батыста қалың қар жауады... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - көктайғақ, боран, тұман, желдің екпін алуы". "Қазгидромет" РМК
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, 30 м/с және одан да көп екпінмен қатты жел соғады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript