Астана, Алматы және Шымкент бойынша жаңартылған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: unsplash
Астана бойынша ауа райы болжамы
26 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы түнде 0-5 м/с, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +25...+27°С.
27 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +27...+29°С.
28 тамызда көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +23...+25°С.
Алматы бойынша ауа райы болжамы
26 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстіктен 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +27...+29°С.
27 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +29...+31°С.
28 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +31...+33°С.
Шымкент бойынша ауа райы болжамы
26 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +33...+35°С.
27-28 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +34...+36°С.
Бұған дейін жаздың соңғы күндері Қазақстан тұрғындарын ауа райының күрт өзгеруімен таңғалдыратыны туралы жазған едік. "Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, 2026 жылғы 25-27 тамызда ел аумағының бір бөлігінде жаңбыр жауып, соңы қар аралас жаңбырға ұласады. Сонымен қатар кей өңірлерде ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі.