Астана, Алматы, Шымкент: 14-16 маусымға арналған ауа райы болжамы

Аптап ыстық, Астана, Алматы, Шымкент, 14 маусым, 15 маусым, 16 маусым, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2026 16:28 Сурет: pixabay
2026 жылғы 14-16 маусым аралығында Астанада найзағай ойнап, бұршақ жауады, керісінше Алматы мен Шымкентте күн райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі ұсынған болжамда айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

  • 14 маусым: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +25...+27°С.
  • 15 маусым: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 5-10 м/с, күндіз кей тұста - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +16...+18°С, күндіз: +27...+29°С.
  • 16 маусым: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +16...+18°С, күндіз: +29...+31°С.

Алматы

  • 14 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +31...+33°С.
  • 15 маусым: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +33...+35°С.
  • 16 маусым: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +32...+34°С.

Шымкент

  • 14 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +34...+36°С.
  • 15 маусым: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +35...+37°.
  • 16 маусым: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оң.түстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +35...+37°.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 2026 жылы 13 маусымда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтынын айтып, өз болжамдарын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: