Қарлы боран мен көктайғақ: Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған үш күндік ауа райы болжамы

Уборка снега, коммунальные службы, коммунальная служба, работники коммунальной службы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 16:58 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 5–7 ақпан аралығында Астанада қарлы боран, Алматыда жауын-шашын, ал Шымкентте дерлік көктемге тән ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған болжамда айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың ауа райы болжамы

  • 5 ақпан: ауыспалы бұлтты, күннің екінші жартысында қар аралас жаңбыр мен боран күтіледі. Жел оңтүстіктен түнде 3–8м/с, күндіз 9–14 м/с екпінмен соғады. Температура түнде -6…-8°С, күндіз -1…+1°С.
  • 6 ақпан: ауыспалы бұлтты, қалың қар күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Температура 0–2°С.
  • 7 ақпан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с екпінмен соғады. Температура түнде -18…-20°С, күндіз -14…-16°С.

Алматының ауа райы болжамы

  • 5 ақпан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с екпінмен соғады. Температура түнде -1…+1°С, күндіз +9…+11°С.
  • 6 ақпан: ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз қар аралас жаңбыр мен тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с екпінмен соғады. Температура түнде 0…+2°С, күндіз +6…+8°С.
  • 7 ақпан: ауыспалы бұлтты, тұман мен көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с екпінмен соғады. Температура түнде -2…-4°С, күндіз 0…+2°С.

Шымкенттің ауа райы болжамы

  • 5 ақпан: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +4…+6°С, күндіз +15…+17°С.
  • 6 ақпан: ауыспалы бұлтты, кейде жауын-шашын болуы ықтимал. Температура +2…+4°С.
  • 7 ақпан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с екпінмен соғады. Температура түнде -1…-3°С, күндіз +1…+3°С.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: