Астана және Шымкент қалаларына арналған үш күндік ауа райы болжамы

Закрытая трасса, закрыто, стоп, снег, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, дорога закрыта, заносы, занос , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 16:07 Фото: unsplash
Метеорологтар 2025 жылдың 5-7 ақпан аралығында Астана мен Шымкент қалаларындағы ауа райы туралы хабарлады. Қазақстанның астанасында тұман мен үсік күтілсе, Шымкентте бұл күндері ауа райы айтарлықтай өзгереді. Онда "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 градусқа дейін жылынады деп отыр.

Астана қаласының ауа райы болжамы

5 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады түнде 3-8, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 4-6 градус аяз.

6 ақпанда: құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 11-13 градус аяз.

7 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Қатты жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 16-18 градус аяз.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

5-6 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.

7 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар ақпан айының болжамын құрастырып, бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: