Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Алматы, ауа сапасы, қолайсыз ауа райы, Ақтөбе, Талдықорған, 13 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2026 09:07 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК бүгін, 2026 жылы 13 маусымда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтынын айтып, өз болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"13 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Талдықорған, Алматы, Ақтөбе қалаларында күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер маусым айы бойында Алматыда ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: