Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК бүгін, 2026 жылғы 4 шілдеде Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"4 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Орал, Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін 3 шілдеде үкімет басшысы Олжас Бектенов ағымдағы гидрологиялық жағдай бойынша жиын өткізген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript