Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 24 мамырда еліміздің қай өңірлерінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелгенін айтып, тың мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Орал, Ақтөбе, Алматы, түнде Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында тіркеледі деп күтіледі, - дейді синоптиктер.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript