Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер бүгін, 2025 жылы 6 желтоқсанда еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2025 жылғы 6 желтоқсанда Орал, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған, Балқаш, түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Мұндай кезде тұрғындарға, әсіресе көлік ағылған тас жолдардың маңы мен өзге де ластану көздерінің жанында, ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қантамыр және аллергиялық дертке шалдыққан адамдар далада болғанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі қажет.
Бұған дейін синоптиктер 6 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде боран, көктайғақ болып, тұман түсетінін болжаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript