Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2025 11:50 Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 6 желтоқсанда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: