Мемлекет басшысы Финляндия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құттықтау жеделхаты, Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Финляндия, Александр Стубб, Тәуелсіздік күні , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2025 10:01 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 6 желтоқсанда президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен, делінген хабарламада.

Сондай-ақ Финляндия президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы еліміздің бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, бірқатар тапсырма бергені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: