Тоқаев Финляндия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 6 желтоқсанда Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.
"Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді",- делінген Ақорда мәліметінде.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан президентін туған күнімен құттықтағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript