Тоқаев Польша Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құттықтау, Қасым-Жомарт Тоқаев, Анджей Дуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2023 11:07 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз", – деп жазылған жеделхатта.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: