Мемлекет басшысы Польша Президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.
Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript