Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2024 12:01 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 11 қарашада Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Санжар Аскенұлы Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1999 жылы тергеуші болып бастаған. Басшылық қызметте тәжірибесі бар

Әр жылдары ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ҚРІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының полиция департаменті бастықтарының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы болды.

Осы тағайындауға дейін ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы болып жұмыс істеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Польша Президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдағаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: