Тоқаев Ішкі істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады
Тиісті құжатқа 2024 жылғы 4 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Айдар Мүтәлікұлы Сайтбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген құжатта.
Айдар Сайтбеков 1978 жылы 16 ақпанда дүниеге келген. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының тергеушісі болып бастаған.
2001-2005 жылдары Алматы облысы Ішкі істер басқармасының жедел штабында қызмет атқарған;
2005-2008 жылдары – Алматы облысы Ішкі істер департаменті Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары;
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистранты;
2009-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясында әртүрлі басшылық қызметтерде.
Сондай-ақ, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап кадр жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылғы желтоқсанда – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң институтының бастығы;
2019 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты басқармасының бастығы.
2021 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы.