Тоқаев Финляндия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Финляндия президенті, фин халқы, Қазақстан президенті, жеделхат, саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 09:04 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Саули Ниинистёні және фин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

"Сіздің еліңіздің гүлденген мемлекет құру, жаһандық бейбітшілікті, климат мәселесін және орнықты даму мақсаттарын ілгерілету ісіндегі орасан зор жетістіктеріне сүйсіне қараймыз. Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі. Сондай-ақ біз энергетика, инвестиция, "жасыл" өсім және басқа да көптеген сала бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз", – делінген жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: