Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Эмомали Рахмон, туған күн, құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2025 11:23 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 5 қазанда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын әрі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланысты нығайтуға Тәжікстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомға құттықтау жеделхатын жолдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: