Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Ауа сапасы, 22 наурыз,  Ақтөбе, Алматы, Астана, қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2025 09:18 Сурет: akorda.kz
2025 жылы 22 наурызда Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 22 наурызда Алматы мен еліміздің 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: