Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Ауа сапасы, нашар, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, 15 ақпан, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2025 09:17 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2025 жылы 15 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілетінін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.

 Бұған дейін синоптиктер бүгін, 15 ақпанда Алматыда, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: