Сенбіде еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды деп болжанады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктердің болжамы бойынша, сенбіде, 9 қыркүйекте Өскемен, Семей, Риддер, Алматы және Атырау қалаларында ауаның ластануы түрінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ туындаған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Бұған дейін сенбіде Қазақстанның13 облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript