Бүгін Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

2025 жылы 23 ақпанда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
- дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК синоптиктері 23 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын және кей өңірде жауын-шашын жауатынын болжады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript