Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Ауа сапасы, нашарлау, 1 тамыз, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған  , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 09:07 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК бүгін, 2026 жылғы 1 тамызда еліміздің бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін мәлімдеді, деп хакбарлайды Zakon.kz.
"1 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Балқаш қалаларында, түнде Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК жаздың соңғы айы - тамызға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: