Тоқаев "халық ақшасын алсын" десе, БЖЗҚ "алмасын" деп жанталасуда

azh.kz
Қордағы ақша қайда десеңіз, талан-таражға салынып кетті.

Кезінде Қазақстанның зейнетақы қорлары қауымдастығын басқарған маман, зейнетақы жүйесі саласының сарапшысы Айдар Әлібаев "Ақ Жайық" басылымына сұхбат берген екен.

Ол өте жоғары етіп бекітілген "жеткіліктілік шегін" сынап тастады:

– Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әрине, БЖЗҚ-мен ымдасып алып, адамдар неғұрлым азырақ ақша алсын деген пиғылмен жеткіліктілік шегін өте жоғары етіп қойды. Бұл қулар бір жағынан "халық зейнетақы қорындағы ақшасын алсын" деген Президенттің тапсырмасын орындап жатса, екінші жағынан ол мүмкіндікті халықтың бәріне ұсынбай отыр. Бұл таза шенеунікше, бюрократиялық тірліктің мысалы. Олардың енді "жеткіліктілік шегін" төмендетуі мүмкін емес. Өйткені ол жердегі ақша бәріне жетпей қалуы мүмкін. Содан ғой, жеткіліктілік шегін әдейі жоғары еткені. Ал қордағы ақша қайда десеңіз, талан-таражға салынып кетті. Қазір құны көк тиын болған құнды қағаздарға салынған кезінде. БЖЗҚ портфелінде мұндай қағаздар өте көп деп ойлаймын. Әрине, олар мұны ешкімге айтпайды, жоқ ақшаны тауып бере алмайтын біліп, осындай қулықтарға басып отыр, деді сарапшы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды