Белгілі онколог-дәрігер Райымқұл Қарақұлов дүниеден озды

Райымқұл Қарақұлов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүние келген.

Қазақстанның медициналық-онкологиялық қауымдастығы ауыр шығынға ұшырады: танымал дәрігер, онкологиялық институттың профессоры дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабар Қазақ онкология және радиология ұлттық зерттеу орталығының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

"Бүгін түнде құрметті профессор, біздің ардақты тәлімгеріміз, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Гематология және сүйек кемігін трансплантациялау орталығының онколог-дәрігері Райымқұл (Роман) Қарақұлұлы Қарақұлов дүниеден өтті", - делінген жазбада.

Райымқұл Қарақұлов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүние келген.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, КСРО өнертапқышы.

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1967, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетті) бітірген. Атырау қаласындағы облыстық балалар ауруханасында хирург (1967–68), Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент (1968–69), Байкал әскери округінде аға дәрігер (1969–71) болып жұмыс істеді. 1983 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.

1993-1999 жылдары - бөлім бастығы, кейіннен химиялық терапия бөлімінің бастығы. Соңғы жылдары ол Гематология және сүйек кемігін трансплантациялау орталығының профессоры болды.

1985 жылы "Радиационная реакция опухолей и биологические факторы ее повышения" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 220-дан астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: