Қазақстанда колледждерде оқу мерзімі қысқартылады

timeskz.kz
Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды.

Қазақстанда колледждер студенттердің оқу мерзімін өз бетімен анықтай алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі. Соның аясында бірқатар өзгерістер енгізу мүмкін болады. Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді, делінген ҚР БҒМ хабарламасында.

Соған сәйкес, Қазақстанда колледждер студенттердің оқу мерзімін өз бетімен анықтай алады:

- 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады.
- 11-сыныптан кейін колледжге түскендер үшін оқу мерзімі екі жарым жыл емес, 1,5 жылды құрайтын болады.
- колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды.

Биыл "Жас маман" жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде 7 заманауи колледж жұмыс істейтін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі