Павлодарда марқұм жалғызбасты ананың банкте ақшасы барын ешкім білмеген

zakon.kz
Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен ақшалай қаражат балаларға мұра ретінде берілді.

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының прокуратурасы жас балалардың ақшалай қаражатты мұраға алу құқығын ресімдеуге көмектесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, қайтыс болған әйел жалғызбасты болған.

2016 жылы қайтыс болған әйел адамның банктердің біріндегі шотында 1,3 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаты қалғаны анықталды. Туыстары ақшаның бар екендігі туралы білмеген, алайда мұра бойынша ақша осы уақытқа дейін ресімделмеген. Бірінші кезекте оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған екі баласы мұрагерлері болып есептеледі, - дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.

Марқұм балалардың әкесімен некеге тіркелмеген, сондықтан оның мұрагерлік құқығы жоқ.

Жергілікті атқарушы органға енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен ақшалай қаражат балаларға мұра ретінде берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды