Қызылорда облысы әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды

Қызылорда облысы әкімдігі
Ол Шәменова Балжан Мөрәліқызы.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Шәменова Балжан Мөрәліқызы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шәменова Балжан 1962 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институтын "экономист" мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек жолын 1979 жылы Қызылорда қаласындағы "Риссовхозстрой" тресінің № 27 жылжымалы механикалық колоннасында штукатур-маляршы ретінде бастаған.

1984-1997 жылдары облыстың жоғарғы оқу орындарында жауапты педагогикалық қызметтер атқарған.

1997-2012 жылдары облыстық экономика басқармасының басшысы болған.

2012-2013 жылдары облыстық медицина орталығы директорының экономика бойынша кеңесшісі.

2013-2014 жылдары Қазақ инженерлік-техникалық академиясының доценті ғылыми қызметтерін атқарған.

2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры.

2016-2019 жылдары "Nur Otan" партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшылық лауазымдарында әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет атқарып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады