Түркістан облысының Жетісай ауданында әкім ауысты

Қадырбек Мұрат Болатұлы 1980 жылы Шардара ауданында туған.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, ротация тәртібімен Жетісай ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Мұрат Болатұлы Қадырбектің кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауданды үш жыл басқарған Жамантай Бейсенбаевты құрметпен зейнет демалысына шығарып салып, ауданның өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына аянбай еңбек еткені үшін алғысын айтты, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған Өмірзақ Естайұлы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

Қадырбек Мұрат Болатұлы 1980 жылы Шардара ауданында туған.

Білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымында бастаған.

2004-2008 жылдары Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы № 2 Тарбағатай аудандық сотының судьясы лауазымдарын атқарған.

2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару, экономика және қаржы департаментттері директорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен.

2011-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша департаменттері басшысы – тәртіптік кеңес төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымдарын атқарған.

2016 жылдан бері Арыс қаласының әкімі қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: