Қазақстанда газ баллондарын еркін сатылымнан алып тастағалы жатыр

Vyvoz.org
Оны тек үйге жеткізіп, құрып беруші компания ғана сатады, сонда сол компания иесі баллон қауіпсіздігіне толық жауапкершілік алады.

Сенаторлар газ баллонын саудалау тәртібін күшейтуге ниетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Егер талаптарды заңнамалық тұрғыда бекітсе, елімізде соңғы кезде белең алған қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады, - дейді депутаттар, деп хабарлайды КТК.

Сондықтан газ баллонын тұтынуға, сатуға қатысты арнайы заң нормасын енгізу қажет.

Ерік Сұлтанов, Сенат депутаты:

- Бұл норма газбен жабдықтаушы ұйымның және газ толтыру пункттері иелерінің тұрмыстық баллонның техникалық жарамдылығын тексеру жөніндегі міндеттерін толық көлемде іске асыруға, газ баллон қондырғыларына апаттық және жоспарлы қызмет көрсетуді жүргізуге мүмкіндік береді. Тұтынушылардың да, газ желісі мен газ толтыру ұйымдарының да газ жабдықтары мен газ баллонына техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттың болмағанына жауапкершілігін айқындайды деп сенеміз.

Сенатордың айтуынша, газ баллонын тұтынуда ешбір ережені елемейтін азаматтардың салдарынан қайғылы жағдай қайталанып жатады. Оның үстіне газ құйып сататын компаниялар да тұтынушылардан қауіпсіздік ережесін сақтауды талап етпейді. Сондықтан енді газбен қаматамасыз ететін компаниялар тұтынушыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін ұйымдармен келісімшарт жасасуды талап ететін болады. Депутаттар осыны заң жүзінде енгізбек. Егер қауіпсіздік компаниясымен келісімшарт қолында болмаса, тұтынушыға газ баллоны сатылмайды.

Газ баллонның жарылуынан қарашаның 21-інде Нұр-Сұлтан қаласында кафе өртеніп кеткен болатын. 30 адам жарақаттанып, екі адам көз жұмды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі