Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғалымдарға сөз арнады, деп хабарлайды zakon.kz.
Президент өз үндеуін Twitter-дегі парақшасында жариялады.
"Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор", деп жазды Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Тоқаев перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет екенін де баса айтты.
"Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді", делінген Президент жазбасында.